back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Оқырман отбасы
02-12-2022 09:24
Оқырман отбасы

25.11.2022 жылы Білім берудің дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Оқырман отбасы» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқушыларды кітап оқуға тәрбиелеу. Отбасы мүшелерін кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Аталмыш байқауға Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Қашаған Лиана отбасымен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Алғашқы кезеңдерінде берілген шығармалар бойынша сұрақтар қойылып, кейіпкер жасырылды. Жакипхановтар отбасы сұрақтарға дұрыс жауап беріп, кейіпкерді бірден таба білді. Соңғы кезеңде Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан сахналанған қойылым болды. Қойылым барысында Ахмет Байтұрсынұлының қиын кезеңдері, жендеттердің алып кетуі, абақтыға тоғытылуы, абақтыда отырып анасына хат жазуы көрсетілді. Отбасы мүшелері өздеріне жүктелген рөлдерді аса шеберлік орындап шығып, әділ қазылар алқасының оң бағасын алды!

Новости