back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Әкеге қарап ұл өсер
05-12-2022 12:45
Әкеге қарап ұл өсер

«Әкеге қарап ұл өсер» отбасылық сайысы
Мақсаты: Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін нығайту. Отбасы мен мектеп-гимназия ынтымақтастығын дамыту. Ата-аналарды мектеп өміріне араласуға белсенді түрде тарту. Әкелер мектебінің жұмысын жандандыру.
2022 жылдың 02 желтоқсанында Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында 2-10 сыныптар арасында «Әкеге қарап ұл өсер» отбасылық байқауы өтті. Әкелер мектебінің жылдық жұмыс жоспарының аясында өткен байқауға әр сыныптан әке мен бала қатысып, бақтарын сынады. Байқауға өтініш білдірген әкелер сәлемдесу кезеңінде өздерін таныстырса, үй тапсырмасы кезеңінде қолдан шыққан қолөнер бұйымдарын әділ-қазылар алқасы мен қонақтарға таныстырып, жасалу жолын түсіндірді. Сөз мерген кезеңінде әке мен балаға берілген мақалдың жалғасын табу талап етіліп, тіл байлықтары сынға түсті. Өнер көрсету кезеңінде Әке мен бала өз өнерлерін ортаға салды. Анамыз үйде жоқта кезеңінде әке мен баланың үйдегі бір күні бейнетаспаға жазылып, қалың көпшіліктің назарына ұсынылды. Әділ қазылар алқасы әр кезең соңында отбасыларға тиісті ұпайларын қойып отырды. Барлығы 7 отбасы қатысқан байқауда ең үздік әке анықталып, қабілеттеріне орай номинациялар берілді. Әділ қазылар алқасының шығарған шешімі бойынша байқау қорытындысы төмендегідей:
2-сынып: Бағдаулет Дауренбек және Бағдаулет Расул отбасы – «Ең үздік әке»
3-сынып: Оспанов Рауан және Руслан Нияз отбасы – «Өнегелі әке»
5-сынып: Нұрханов Марат және Маратұлы Нұрислам отбасы – «Ынталы әке»
6-сынып: Канлибаев Бауыржан және Дүйсен Жарқын отбасы – «Шығармашыл әке»
7-сынып: Рустамов Нұрлан және Асатов Жандаулет отбасы – «Үлгілі әке»
8-сынып: Жанзаков Ардақ және Сембі Әли отбасы – «Өнерлі әке»
9-сынып: Тойкенов Алмасбек және Тойкенов Нұрғиса отбасы - «Жігерлі әке»
Барлық қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Әкелер мектебінің негізгі концепциясы ұл бала тәрбиесімен айналысу екендігін түсіндіру бойынша жасалатын жұмыстар легі өз жалғасын таппақ. Барша отбасыларды шын жүректен құттықтай отыра мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін алғыс білдіреміз!

Новости