back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Саналы ұрпақ-Тәуелсіздік тірегі
19-12-2022 09:35
Саналы ұрпақ-Тәуелсіздік тірегі

«Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының басшысы Индира Жанұзаққызы және филиал психологы Дидар Какенова 13.12.2022ж Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына келіп 1-11 сынып ата-аналарына арналған “Саналы ұрпақ-Тәуелсіздік тірегі “танымдық тренинг сабақ өткізді. Семинар барысында ұл бала тәрбиесі, қыз бала тәрбиесіне қатысты әлемдік педагогика тәжірибесі мен отандық педагогиканың тұщымды жақтары айтылды. Ата-ананың бала алдындағы міндеті, баланың қоғамға бейімделу процесі, ортада өз-өзін ұстау, тәрбиелеу туралы пікірлер айтылды. Ата-аналар семинарға белсенді қатысып, пікірталас алаңында өз ойларын білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында ата-аналар оқуы тиіс кітаптар тізімі беріліп, психологиялық фильмдер көруге кеңес берді!

Новости