Абай Құнанбаев атындағы N5 мектеп-гимназиясында ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздіктің ұлы рухы-Желтоқсан" атты іс-шара жоспары негізінде 3 а сыныбында "Тәуелсіздік-баға жетпес құндылық" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Абдигалиева.Д.Ж Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды
патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.
Тәуелсіздік-баға жетпес құндылық