Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында ҚР Тәуелсіздік күніне орай бастау алған "Тәуелсіздіктің ұлы рухы-Желтоқсан" атты іс-шаралар легі өз мәресіне жетті. Аталмыш іс-шараның жабылу рәсімі 15.12.2022ж салтанатты жиын түрінде өтті. Салтанатты жиын барысында 2 «Ә», 2 «Б», және 6 «Б» сынып оқушыларын «Жас Ұлан»,»Жас Қыран» ұйымына қабылдау, ант беру рәсімімен басталды. Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталып, алғыс хаттарға ие болды!