Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қарағанды облысы ұстаздары арасында "Жыл мұғалімі-2022" сайысы өтті. Облыстық сайыстың екінші кезеңінен жүзден жүйрік 9 ұстаз шығып, облыстық кезеңнің үшінші кезеңінде бақ сынады. Облыстық кезеңге мектебіміздің ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмакелд Айжан өзінің кәсіби шеберлігін көрсетіп, "Көрермен көзайымы" номинациясын иеленді. Әріптесімізге толағай табыс, білімді шәкірттер тілейміз. Барша ұстаздар қауымын тәу етер Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Егемен еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болатынына сеніміміз мол!
Жыл мұғалімі-2022