back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Медициналық сынып
20-01-2023 07:42
19.01.2023 Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында облыстық “Медициналық сынып” жобасының аясында Абай қалалық ауруханасының дәрігерлерімен кездесу өтті. Медицина мамандығын таңдап отырған және де бейімі мен мен ынтасы жоғары балалардан құрылған сынып оқушыларымен кездесуге Абай қалалық ауруханасының дәрігер-хирург, эндоскопист-маман Беккулиев Алиджан Нұрланұлы және дәрігер-реаниматолог Тілеуқабыл Абай Қайырқұлұлы келді. Сұхбат барысында медицина саласының қиын да қызықты және қауіпті тұстары жайында айтылды. Өз кезегінде оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Дәрігер маманы атану үшін қаншалықты жауапкершілікті болу керектігі, мамандыққа деген құштарлық және де білімді болу қажет екені жайлы оқушыларымызға өз кеңестерін айтты. Қалалық аурухана басшылығы өз тарапынан жобаға көмек қолын созуға және толықтай қолдайтынын жеткізді. Мектебімізге келіп тәжірибе көрсетіп, ақыл-кеңестерімен бөліскен дәрігерлерге алғыс білдіреміз.
Новости