24.01.2023 жылы Абай Құнанбаев атындағы N5 мектеп-гимназиясында "Қамқоршылық кеңес" өкілдері және ата-аналар комитетінің қатысуымен мектеп формасын талқылау бойынша жиын өтті. Жиын барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған мектеп формаларының үлгілері таныстырылды. Ер балаларға және қыз балаларға арналған мектеп формасының үлгілері көрсетіліп, талқылау жүргізілді. Жиын барысында киюге рұқсат етілмейтін киімдер, тағуға болмайтын әшекей бұйымдар мен денсаулыққа зиян тигізетін қатты бұйымдары бар киімдер де ескертілді. Жиын соңында ата-аналар мектеп әкімшілігімен келісе отырып мектеп формасын таңдады.
Қамқоршылық кеңес