back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Жырлаймын Отанымды!
27-01-2023 08:35
Жырлаймын Отанымды!
Абай Құнанбаев атындағы №5  мектеп-гимназиясының жылдық тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес  Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық
 мерейтойы қарсаңында 5 сынып оқушыларының арасында «Жырлаймын Отанымды!» атты патриоттық өлеңдер сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Патриоттық өлеңдерді жатқа айту арқылы оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайысқа 5 сынып оқушылары белсене қатысты. І орын Қашаған Лиана, ІІ орын Көмекбай Айса, ІІІ орындарды Мукеева  Сезім мен Кетебаева Ақбота еншіледі. Құттықтаймыз!
Новости