Ертегілер еліне саяхат
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Абай Құнанбаев атындағы N5 мектеп-гимназиясының 2 «Б» сыныбында «Ертегілер еліне саяхат» атты сахналық қойылым дайындады.
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.