back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бастауыш - білім бастауы
22-02-2023 11:23
Бастауыш - білім бастауы
«Бастауыш - білім бастауы» бастауыш бірлестінің апталығы аясында "Жаса, жайна туған елім!" мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыс 1-4 сынып оқушылары арасында жоспарға сай ұйымдастырылды. Сайысқа сынып аралық іріктеуден өткен оқушылар бақ сынасты. 
*  Байқау мақсаты мен міндеттері:
- балалар арасында кітап оқуды насихаттау;
- балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;
- өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
- әртістік талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.
 
*  Оқылымды бағалау
-  Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:
-  таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;
-  сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);
-  мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына терең сезіну;
-  актерлік шеберлік;
-  орындаушының сыртқы түрі;
-  шығарма тақырыбымен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі.
*  Қатысушылардыңөнері 10-балдық жүйемен бағаланады.
Жеңімпаздар: 1-2 сынып оқушылар арасында: Насиров Нұрислам 1 «Ә» сынып оқушысы 1 орын; Алпысбай Нұрислам 1 «А» сынып оқушысы 2 орын; Құрмет Жандос 2 «А» сынып оқушысы 3 орын.
3-4 сынып оқушылары арасында: Алпысбай Айкерім 3 «А» сынып оқушысы 1 орын; Маликайдарова Қаламқас 4 «А» сынып оқушысы 2 орын;  Серік Инабат 4 «Ә» сынып оқушысы 3 орын иеленді.
Қатысқан оқушылардың барлығы мақтау қағаздары мен тәттілермен марапатталды.
Новости