back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Мәңгілік ел – достық шаңырағы
03-03-2023 10:03
Ағымдағы жылдың 01-інші наурызында Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Алғыс айту» күніне орай «Мәңгілік ел – достық шаңырағы» тақырыбында ашық есік күні өтті. Мақсаты: Ата-аналарды мектеп-гимназияның қоғамдық өміріне белсенді араластыру.  Мектеп-гимназия қабырғасындағы үйірме жұмысымен таныстыру. 
Іс-шара «Дидар» үлгілі би ансамблінің «Сағым дала» биімен бастау алды. Әрі қарай домбыра үйірмесінің оқушылары «Отырар» әнін домбырада нақышына келтіріп орындады. Үгіт-насихат тобы «Бәріне мың алғыс»  деп ұрандата алғыстарын білдірсе, Жакипхановтар отбасы алғыстарын әнмен жеткізді. Шарамыздың екінші бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаркинбекова Тыныштық Каниевнаның жетекшілігімен драма үйірмесінің оқушылары «Бейбарыс сұлтан» тарихи қойылымын қойды. Іс – шара соңында мектеп-гимназия ұстаздарынан құралған хор «Атамекен» әнің жанды дауыста орындады. Келген қонақтарымыз алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың жиі өтіп тұруы туралы ұсыныстарын білдірді
Новости