back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Екі жұлдыз» ән байқауының финалдық кезеңі өтті.
18-04-2023 08:27
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Екі жұлдыз» ән байқауының финалдық кезеңі өтті.
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Екі жұлдыз» ән байқауының финалдық кезеңі өтті. Барлығы бес кезеңнен тұратын жобаға 6 жұп қатысып, бақтарын сынады. Мұғалім мен оқушы, Ата-ана мен оқушы жұптасып, әр кезеңнің тақырыбына сай әндер айтып, қойылымдар қоюға тырысты. Финалдық кезеңде кино,телехикаялардан саундтректер орындалып, әсерлі қойылымдар болды! 
Әр кезең сайын әділ қазылар алқасының қойған ұпай сандары негізінде нәтиже төмендегідей:
Гран-При: Амантайқызы Замира, Аслан
І орын: Жакипханова Саягуль,Лиана
ІІ орын: Қуанғанқызы Айымгүл, Нұрғиса
ІІІ орын: Рәшид Нұрай,Жаннұр
Көрермен көзайымы: Онтаева Алтын, Жігер
Тәп тәтті жұп: Елеуханова Айгерім, Іңкәр
Мақсаты: аталмыш жоба негізінде өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ұстаз бен дарынды оқушыларды анықтау, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, оқушы, мұғалім  арасында тығыз байланыс орнату.
Новости