back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алаш тарландары
02-05-2023 10:24

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Нұра ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алаш тарландары» театрландырылған сахналық қойылымына Абай Құнанбаев атындағы N5 мектеп-гимназиясының драма үйірмесінің оқушылары «Ахмет.Ұлт ұстазы!» драмалық қойылымын сахналады. Аталмыш қойылым көрермен жүрегінен орын алып, ұйымдастырушылардың ыстық ықыласына бөленді. Он аудан қатысқан облыстық сайыста Абай ауданының намысын қорғап барған мектебіміздің оқушылары үздік нәтиже көрсетіп ІІ орын иеленді. Драма үйірмесінің жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаркинбекова Тыныштық Каниевна. Оқушыларымыз бен ұстазымызға толағай табыстар мен жеңістің тұғырынаң көріне беруін тілейміз!

Новости