“AMANAT” партиясының "Жастар рухы" жастар қанатының ұйымдастыруымен елордамыз Астана қаласында “QAISAR” әскери-патриоттық ойындарының республикалық кезеңі өтті.
“AMANAT” партиясының "Жастар рухы" жастар қанатының ұйымдастыруымен елордамыз Астана қаласында “QAISAR” әскери-патриоттық ойындарының республикалық кезеңі өтті. Республикалық кезеңде Қарағанды облысының құрама командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Команда құрамында Абай Құнанбаев атындағы N5 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Шаймерден Батырхан да болып, команданың жеңіске жетуіне өз үлесін қосты. Оқушыны сайысқа дайындаған АӘТД пән мұғалімі Оразбаев Серғалы Серикович.
Екі күнге созылған тартысты додада командалар қашықтыққа жүгіру, арнайы әскери жаттықтырушылар дайындаған кедергілерден жүріп өту, саптық дайындық деңгейі, "Менің елім-Қазақстан" әскери танымдық викторинада сынға түсті.
Әскери-патриоттық ойындардың мақсаты жастар арасында отансүйгіштікке және жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерге тәрбиелеу және әскери қызметтен жалтару үрдісін жою.
Үздік нәтиже көрсете білген оқушымыз бен пән мұғалімін құттықтай отыра толағай табыстар мен жеңісті күндер тілейміз