Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында террорлық шабуылдың алдын алу мақсатында оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығу барысында мектеп ішінен күдікті зат табылды. Күдікті затты тапқан оқушы бірден мектеп әкімшілігіне хабар беріп, мектеп әкімшілігі күдікті зат табылған жағдайдағы алгоритм бойынша іс-қимыл жүргізді. Дабыл жүйесі іске қосылып, сабақ беріп жатқан пән мұғалімдері сыныптарын алгоритм бойынша сыртқа алып шықты. Оқу жаттығудың екінші кезеңінде террористтердің шабуылы кезінде қорғану жаттығуы өтті. Сынып ішіндегі оқушылар есіктің алдына тосқауыл қойып, терезеден өздерін алшақ ұстап, террористік шабуылдан қорғану алгоритмі бойынша іс-қимыл жүргізді. Оқу-жаттығулар тек профилактикалық мақсатта өткізілді
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында террорлық шабуылдың алдын алу мақсатында оқу-жаттығуы өтті.