
Сәуірдің 7 күні Қарабас кенті №15 ЖББМ КММ- де 6 сынып оқушыларына ЕРЛІК САБАҒЫ өтті. Сынып сағаты Кеңес одағының батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толу мерейтойына арналды. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; өзін қоршаған ортада жаман мен жақсыны ажыратып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге, батырдың ерлігін үлгі тұтуға үйрету. Болашақта Отанның қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу, өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру.