Қарабас кентінің № 15 ЖББ КММ-де «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында мектеп кітапханашысы «Табиғат ақындардың шығармашылығында» атты ақындардың өлеңдерін оқушылармен оқып, талқылады

Қарабас кентінің № 15 ЖББ КММ-де «Таза Қазақстан»
экологиялық сауаттылық апталығы аясында мектеп кітапханашысы
«Табиғат ақындардың шығармашылығында» атты ақындардың өлеңдерін оқушылармен оқып, талқылады.
Қазақ ақындарының табиғат лирикасында ешқандай үлгілерге ұқсамайтын, ұлттық бояуы айрықша қанық. Сәкеннің "Көкшетауын" алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, "көк шөпті баспа", "суға түкірме" деп үйреткен,"ботам","құлыншағым", "қошақаным" деп еркелеткен қазақ баласының түсінігі. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген.Табиғатпен етене өскеннің белгісі.
Табиғатпен жарсып өмір сүру тіршілік заңдылығы. Көктем сайын құлпырып жаңаша салтанат құрып тұратын жас қайыңға жанын айырбастағысы келген ақын Мұқағали:Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің.
Бір түйір жерге түскен тамшың едім, - деп тебіренеді.