back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Талгата Бигелдинова"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Талгата Бигелдинова"
«ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ БІЛІМ БЕРУ» ҚОРЫ. ВСЕОБУЧ
17-07-2024 00:34
«ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ БІЛІМ БЕРУ» ҚОРЫ. ВСЕОБУЧ
Құрметті ата-аналар!!!
Жаңа оқу жылына дайындық аясында облыс мектептерінде әртүрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету жұмыстары басталды.
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры (всеобуч):
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттағы мектеп оқушыларына беріледі.
Ақшалай қаражат мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын және басқа да қажетті заттарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру мақсатында карточкалық шотқа аударылады.
Бұл отбасыларға қажетті оқу құралдарын сатып алуға және балаларды оқу жылының сәтті өтуі үшін қажетті заттардың бәрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
*Материалдық көмек алу үшін мектепке өтінішпен жүгіну қажет. *
Өтініш Қамқоршылық кеңеспен қаралатын болады. Көмек көрсету туралы шешім отбасылық жағдайды талдағаннан кейін қабылданады.
*Биыл ағымдағы жылға ақшалай көмектің мөлшері 46 423 теңгені құрайды. *
Бұл қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ата-аналар 15 күн ішінде оқу құралдарын сатып алу туралы есеп беруі керек.
Шығындарды растау үшін чектер немесе түбіртектер қажет болуы мүмкін.
Мұндай бақылау жүйесі бөлінген қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуына кепілдік береді.
Бұл жұмыстың барлығы әлеуметтік мәртебесіне немесе отбасылық жағдайына қарамастан барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Материалдық көмек көрсету балаларға оқу жылын сенімділікпен бастауға мүмкіндік
Новости