back-image
КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
Организации> КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
Қосымша педагогтің дарынды оқушылармен жүргізілген жылдық жұмысының қорытынды есебі
15-06-2022 11:03
Қосымша педагогтің дарынды оқушылармен жүргізілген  жылдық  жұмысының  қорытынды есебі

Қосымша педагогтің дарынды оқушылармен жүргізілген  жылдық  жұмысының  қорытынды есебі

 

“... Бізге керегі шын дарындар.
Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын,

мемлекет өзінің талантты ұлдары мен

 қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын

тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”
Н.Ә.Назарбаев.

 

Мақсаты:

  • Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын  мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Жүргізілген жұмыс түрі:
         Оқытуда түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас өткізу. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастырдым. Мектепішілік, Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, қатыстырдым. 

 

  Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушылар анықталып, жылдық жұмыс жоспары құрылды. Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы сынып  жетекшілер  және педагог – психологімен кеңесе  отырып    қабілетті (өте  ерекше) оқушылар  тізімі құрылды. Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысып, өздерінің дарындылығын көрсетіп жүрді. Білім   деңгейінің   игеру   қабілеттері мен психологиялық   ерекшеліктерін   анықталып, дарынды  балалармен  жүйелі түрде қосымша жұмыстар жүргізілді. Өз   бетінше  ізденіп  оқу арқылы оқушылар шығармашылық  жұмыстарын  жүйелеп үйренді.

Республикалық «Пони», «Алтын сақа», «Жас математик» т.б интеллектуалды сайыстара қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар мектепшілік және аудандық, облыстық, республикалық «Айқанат», «Мың бала», «Сарыарқа дарыны» ұйымдастырған олимпиадаларға қашықтықтан қатысып, өз білімдерін көрсетті.

Жыл бойы дарынды оқушылармен жұмыс жасау барысында, дарынды оқушылардың бойынан осындай қаситеттер анықталды:

  • Күрделі жұмыстарға шығармашылықпен бара алады;
  • проблеманы тереңінен қарауға ұмтылыстары бар;
  • Мәселені шешуде тез жол таба алады;
  • Көшбасшылық қабілеттері жоғары;
  • Кемшілікті тез байқай алады;
  • Айналаға сыни көзқараспен қарай алатын, өзіндік баға беру қабілеттері бар.

 

2021-2022 оқу жылы бойынша дарынды оқушылармен жасаған жыл бойынғы жоспарым өз деңгейіне жетті , себебі олар өздеріне жүктелген жүктемені сезініп, жақсы атқара білді, өз жауапкершіліктерін түсінді, және өз шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті. Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойына сіңіріп өсуіне ықпал жасалып, білім мен тәрбие қоса жүрді.

                                                  

 

 

 

 

                             Қосымша білім беру педагогі:                 Ахмет А.Д

Новости