back-image
КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
Кітапхана жоспары бойынша жылдық қорытынды есебі
27-06-2022 10:29
Кітапхана жоспары бойынша  жылдық қорытынды есебі

                                        «Байқадам жалпы білім беретін мектебі» КММ 

                                               кітапхана жоспары бойынша

                                                    жылдық қорытынды есебі

 

 Мектеп оқушыларының оқулықпен қамтылуы жайлы

       Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін 2021 – 2022 оқу жылында 1 сыныптар және де 4,11 сыныптарға қосымша оқулықтармен көркем әдеби кітаптармен қамтамасыз ету. Жыл сайын мектеп кітапханаларынан оқулықтарды қайтарымды негізде тегін пайдалануға беріледі.

     Оқушыларды қамтамасыз ету үшін оқулықтардың тізбесі мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру саласындағы орталық атқарушы органның шешімімен бекітіледі.

     Кітапхана қызметі «Кітапхана туралы ережеге» сәйкес қойылған.  Оқырмандар кітап қорын еркінше тегін, қайтарымды негізде пайдаланады. Сондай-ақ  библиографиялық  және анықтамалы – ақпараттық қызмет көрсетіледі. Кітапханада «жұмыс күнделігі» үнемі жүргізіледі.

Кітап оқу – ой мен тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, жан сұлулығын, ұстамдылық пен сабырлылық мінез қасиеттерін қалыптастыратын маңызды іс.

Кітапхана жұмысында балаларды кітап оқуға тарту, оқуға деген қызығушылығын арттырудың  әртүрлі әдістері мен түрлері қолданылады. Кітап оқуды насихаттау және кітап оқитын  адамның абыройын арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар өткізіледі: ойындар, сөзжұмбақ, экскур-сиялар, тұсаукесерлер. Кіріктірілген сабақтар, әдебиет сағаттары, ой-толғау сағаттары, таным сабақтар, ауызша журналдар, ақпарат күндері, библиографиялық шолу, көрмелер т.б.

         Жеке, көпшілік жұмыс, ақпараттық мәдениет сабақтары арқылы кітап оқуға, оқу мәдениетін,  кітапхана пайдаланушысының біліктілігі мен дағдысын қалыптастырады.

         Кітапханадағы көпшілік іс-шаралар құрылған жоспар бойынша оқырмандарды тарту, олардың қызығушылығын арттыру мақсатында  ұйымдастырылады.

 

    «Оқуға құштар » жобасы аясында құрылған жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Жалпы мақсатымыз балаларды кітап оқуға тарту, оқуға деген қызығушылығын арттырудың  әртүрлі әдістері мен түрлері қолданылады. Кітап оқуды насихаттау және кітап оқитын  адамның абыройын арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар өткізілді.

Новости