back-image
КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
«Байқадам ЖББМ»КММ- нің логопед-дефектологінің 2022-2023 оқу жылындағы І жарты жылдық есебі
12-01-2023 11:27
«Байқадам ЖББМ»КММ- нің логопед-дефектологінің 2022-2023  оқу жылындағы І жарты жылдық есебі

«Байқадам ЖББМ»КММ- нің логопед-дефектологінің

2022-2023  оқу жылындағы І жарты жылдық есебі.

       2022-2023   оқу жылының  қыркүйек  айының  15-нен  логопедиялық  бекет құрылып,     мектеп жасындағы оқушылармен    логопедиялық  оқу қызметі  жүргізілді.   Жұмыс  жүргізу  барысында  қыркүйек айында    17 оқушы логопедтік сабаққа алынды.Барлығы 5  топ  құрылып, топпен    және жекелей жұмыстар  жүргізіліп  отыр.  Оның  ішінде:

Жалпы  саны :17

Фонетика-фонематикалық   тілінің   дамымауы (дислалия) –17 оқушы

Біржақты  сөйлеу   кемістігі   бар  балаларды  топтастырып  және  жекелеп,

аптасына  2 рет оқу қызметі өткізілді.

 2022-2023оқу  жылының  күнтізбелік тақырыптық   жоспар құрылып, жұмыс   жүргізілуде.

Балаларды  жалпы сөйлеу  тілін  зерттеп,  сөйлеу  тілі  дамымауының   ерекшелігін  және  деңгейін  ескеріп, әр  балаға  сөйлеу  картасы  толтырылды.   Соған  сәйкес   күнтізбелік, перспективалық,  жылдық  жоспарлар  жасалды.

Жоспарға  сәйкес  артикуляциялық  жаттығулар, тыныс  алу  жаттығулары, ұсақ  қол  моторикаға  арналған жаттығулар, дыбысты қою,  машықтандыру,  сөздің  буындық   құрылымын  қалыптастыру, фонематикалық  естуін  және  қабылдауын  дамытуға  арналған  жұмыстар жүргізіледі.

Көбіне  жас  ерекшелігіне  байланысты ұсақ  моториканы  дамытуға  байланысты  жаттығулар  мен  түрлі  ойындар  пайдалана  отырып, баланың сөздік  қорын   молайтуға  септігін  тигізу  үшін кеспе  қағаздары,суретпен жұмыс, интернет материалдары  мен сергіту  сәттерін    пайдалана  қызықтыра  оқу қызметін  өткізіп   отырдық.

Баланың дыбысты  дұрыс  айту  үшін,артикуляциялық  және  тыныс алу   жаттығуларын  , сонымен қатар  әрбір  профилін  дұрыс  қолдану жөнінде  түсіндіріп, ата-аналарға  үйге  баламен  жұмыс  жүргізу   жөнінде ескертіліп отырды.

Оның  ішінде  4 оқушыға тиісті дыбыстар қойылып, дыбыстар бекітіліп, сөйлеу  тазалығы  мен  сөзде,сөйлемде, ауызекі  сөйлеуде  дыбыстардың  бекіту жұмыстары жүргізілуде. Қалған оқушылармен дыбыс қою кезенінде жұмыс жүргізілуде.

 

 

Келесі  құжаттар  өз  мерзімінде  толтырылды.


- Жылдық  жоспар;
- Балаларды  есепке  тұрғызу журналы;
- Балаларды коррекциялық  оқу қызметіне   қатыстыру  журналы;
- Күнделікті  оқу қызметі    жоспары;
- Әр  баланың  сөйлеу  картасы.

 

 

 

 

 

Логопед- дефектолог:      Бейсенбаева А.Г.

Новости