10 қазан - Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні
10 қазан - Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күніне орай Байқадам жалпы білім беру мектебінің 8-10 сынып оқушыларына «Психикалық денсаулық дегеніміз...» тақырыбында ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. Ақпараттандыру барысында психикалық денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы айтылып өтті. Психикалық денсаулық пен физикалық денсаулықтың мықты болуы үшін қарапайым ережелерді сақтау керектігі туралы бейнеролик көрсетіліп, әр оқушыға медбике жадынама таратты.
Өткізген: Мектеп психологы - Кунбазарова Ж.Р
Медбике - Тугельбаева Д.А