"Ерте жүктіліктің алдын-алу" жөнінде «Болашаққа қамқорлық» тренинг іс-шара
8 желтоқсан 2023 жылы мектептің медбикесі Тугельбаева Д.А. және мектеп психологы Кунбазарова Ж.Р 7-11 сынып қыз балаларымен "Ерте жүктіліктің алдын-алу" жөнінде «Болашаққа қамқорлық» тренинг іс-шарасын өткізді. Мақсаты: отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру,жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Мектеп психологы Жанар Рахимбековна қыз балаларға ерте жүктіліктің себептерін түсіндіріп, талқылатты.