«Дүние қалай етсең табылады?» тақырыбында бестік диктант
5-7- сыныптарда Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады ?» тақырыбында бестік диктант өткізілді.Бестік диктант -шағын шығармашылық диктанттың бір түрі. Оқушылардың еске сақтау қабілеттерін жетілдіру мақсатында алынған диктантты білім алушылар қызығушылықпен орындады. Әңгіменің мазмұнын «Бестік диктанттың» шарты бойынша оқушылар өздері жазды. Оқушылар диктантты қызығушылықпен орындады. «Бестік диктант» – оқушылар танымын белсенді етудің, қызығушылығын арттырудың, әсіресе әдеби тілін дамытудың, сауаттылыққа баулудың ең тиімді әдісі. Бестік диктанттың ұтымды жағы: дәстүрлі диктанттарда бүкіл сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне берілген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін жазды.
Жауапты:
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері –Жабагина Л.Т және Л.А.Нургалиева