1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31тамызына дейін жасалады,деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министірлігінің баспасөз қызметі.Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру,тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңын сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді.Барлық балалар,дайындық деңгейіне қарамастан,тең мүмкіндіктерге ие болады.Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған”,-деп атап өтті орта білім Комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева .
Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге 65у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек.Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда,дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.