Байқадам жалпы білім беретін мектебінде аналар күніне орай "Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс өткізілді. Өткізілген сайыс 5 кезеңнен тұрды. Таныстыру. Өз өнері. Таңдайдан дәмі кетпес тәтті астың. (қамыр жаю). Шаш үлгісі . Пазл құрастыру .Мақсаты: ата- ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру, жас ұрпақты отбасылық құндылыққа тәрбиелеу. Сайыс барысында аналар алдымен өзін таныстыруымен бастады. Одан әрі қарай кезең- кезеңімен шарттарды орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Аналарымыздың дайындап келген таныстыруы, қамыр жаюы,шаш үлгісі және шығармашылықтары көрермендерді тәнті етті. Атап айтар болсақ, Тлеухановтар отбасы, Хасеновтар отбасы, Мәлік отбасы дайындықпен келіп көпшіліктің ықыласына бөленді.Сайыс соңында аналарымызға мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майкенова М.К аналар күнімен құттықтап, бағалы сыйлықпен және мақтау қағаздарымен марапаттады.Мектепке демеушілік көрсеткен Тлемисова Г.С, Мәнай Мәншүк,Динара Айтжанова,Копеева Диана,Ербетова Галия,Шамхай Назира және Құдайбергенова Г.М аналарымызға жылы лебізін білдіре отырып,алғысын айтты. Сайыс қызықты да тартымды өтті.Сайыстың жақсы өтуіне белсене араласқан музыка пәнінің мұғалімі Шадит А, аға тәлімгер СаганаеваГ.К, әлеуметтік педагог Алтынова А.М.
"Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс