back-image
КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
"Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі" атты тақырыбында мектебімізде дөңгелек үстел
09-10-2024 13:27

"Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі" атты тақырыбында мектебімізде дөңгелек үстел қыздар арасында ұйымдастырылды. Бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі – әже мектебі. Сондықтан ауылымыздың ақ жаулықты әжелеріміз Алма апай мен Қарлығаш апай шақырылды. Алма апай өз сөзінде "Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, ұлыңа, халқыңды тәрбиелеймін десең, қызыңа тәлім бер» деген сөз бекер айтылмаған.Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз - ұлтты тәрбиелеу ,яғни ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген азаматша тәрбиелеу деп өз ойын білдірсе,Қарлығаш апай әдепті, инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн деп өз ойын білдірді.Қыз балалар сұрақтар қойып,пікір алмасты.

Новости