2024 жылдың 16 қазан күні мектебімізде күзгі «Асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің мақсаты күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды еңбекқорлыққа баулу және экономикалық білімдерін кеңейту, балалардың қызығушылығын арттыру болды. Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындап, тағам түрлері санитарлық талапқа сай жасалды және жабдықталды. Күзгі жәрмеңкеде барлық тағамның қолдан пісірілуі басты міндет болды. Бұл іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары, сынып жетекшілер, ата-аналар белсенді қатысты. «Асар» жәрмеңкесі өте жоғары деңгейде өтті.
2024 жылдың 16 қазан күні мектебімізде күзгі «Асар» жәрмеңкесі