Бастауыш әдістемелік бірлестігі
Мақсаты:
• Оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу арқылы белсенді оқу принциптерін, критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру,білім алушының бойына жаңартылған оқу бағдармаларында көзделген құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Мұғалімдердің бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнын білу;
-
Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді оқу бағдарламасына сәйкес қолдану;
-
Оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдану;
-
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру
Күтілетін нәтиже:
-
Мұғалімдер бастауыш сынып пәндер бойынша Оқу бағдарламасының мақсатын,міндеттерін,құрылымын және мазмұнын біледі;
-
Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана біледі;
-
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
-
Озық іс-тәжірибелерін және оқытудың жаңа технологияларын зерделеп тәжірибеге ендіреді;
-
БК курстары мен өз білімін жетілдіру жұмыстары арқылы кәсіби деңгейлерін көтереді