back-image
"Сарытөбе негізі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сарытөбе негізі орта мектебі" КММ
"Жұмыламыз адал іске" сенбілік
12-04-2024 10:29

Сенбілік - халықты игілікті іске шақыру. Көктем келіп тұрғындар үйлерінің айналасын тазалап жатыр. Соның өзі неге тұрады?! Әр адам өз үйін әдемі, ауласын таза ұстаса ауылдың тазалығы мен көркіне көрік қосар еді. 
Кез келген адам өз ауласының, тұрғылықты жерінің таза да әдемі болғанын қалайды. Десе де, өз бетінше ағаш отырғызып, ауылды тазартайын, көркейтейін дейтіндер қатары аз. Сол себепті біздің ауылымызда көктем мезгілінде дәстүрлі сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ауыл іші, үйлердің манайларының тазалығы жүргізіліп келе жатқанын ескеріп, барлықтарыңызды ауылымыздың сырт бетін қоқыстан тазартып, ауыл сырт келбетінің абаттандыру жұмыстарына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!
✅Осыған орай, ағымдағы жылдың 20 сәуір күні барлықтарыңызды (ауыл тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері) тазалық жұмыстарына ат салысуға шақырамыз!
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, қоршаған ортамыздың тазалығы өзімізге байланысты!

Новости