back-image
"Сарытөбе негізі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сарытөбе негізі орта мектебі" КММ
Балалардың қауіпсіздігі
21-11-2024 16:29
Балалардың қауіпсіздігі
Балалардың қауіпсіздігі әрбір ересек адам үшін басты мәселе  болуы керек! Қазақстанда қыста өрт жиі болады, соның кесірінен балалардың  көміртегі тотығымен улануы немесе, тірідей өртенуі кездесіп жатыр.  Көбінесе бұл ересектер жұмысқа кеткен кезде балалардың бақылаусыз  үйде жалғыз қалуынан болады. Жыл сайын ондаған балалар, оның ішінде негізінен мектеп жасына дейінгі балалар өрт құрбандарының тізімін толықтыруда.  Осылайша көбінесе ересектердің немқұрайлылығынан , қайғылы  жәйттарға әкеп соғуда. 
     Құрметті ата-аналар! Балаларды өрт қаупінен  қорғаңыздар! Ата-аналар үйден шыққан кезде есікті сырттан жауып кету кездері  болады, бұл баланың жанып жатқан бөлмеден өз бетінше шығып кетуіне кедергі болады.  Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып отырыңыздар, өздеріңіз де өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда балаларыңызға үлгі болыңыздар! Олар шынайы өмірдегі өртті көрмей, сіздің әңгімелеріңізден, ескертулеріңізден және суреттеріңізден өрт қаупі туралы білсін! Балаға өрттің неден туындауы мүмкін екенін, оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіріп отырыңыздар. Жас балаларды жанып жатқан пештің жанында  ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салынады, кірді пештің жанында кептіруге болмайды, пешті жағу кезінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (керосин, бензин) қолдануға болмайды, балалардан сіріңкелер мен оттықтарды жасырып қойыңыздар.
    Үш ереже: 3 жасқа дейін баланы  мүлдем көзден таса қылмау керек, үнемі бақылауда ұстап және тыйым салып отыру керек. 3 жастан асқан балаларды  өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыруға болады. Баланың бөтендігі  жоқ, алайды  ересектердің жан-жағына немқұрайлы қарауы  қиын жағдайларға әкеп соғып жатады. Айналаңызға қарасаңыз, жағдайлары ұдайы қолайлы бола бермейтін балалы отбасы көршіңіз болуы мүмкін. Кішкентай балалардың  не істеп жатқанына назар аударып жүріңіз. Сіз кездейсоқ балалардың қауіпті  ойындарының куәсі болсаңыз, дереу оның алдын алыңыз.
     ҚР ҚК-нің 140-1-бабына сәйкес, "14 жастан асқан басқа адамдар алып жүрмейтінін біле отырып , 10 жасқа дейінгі балаларды кез келген жерде 10 минуттан артық ата-аналардың қараусыз қалдыру, қылмыстық теріс қылық ретінде жазаланады".
     Есіңізде болсын: балаңызды бірнеше минутқа қалдырып оны біржола жоғалтуыңыз мүмкін! Сіз балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауаптысыз!
Новости