back-image
КГУ "Основная средняя школа имени К.Боранбаева"
Организации> КГУ "Основная средняя школа имени К.Боранбаева"
Жас маманмен жүргізілген жұмысқа анықтама
04-04-2024 16:09

  Жетекшілік қадағалауыма тапсырылған жас маман Аширбекова Тотыны сабаққа қойылатын қазіргі талаптарымен таныстыра оырып,  сабаққа қатысу дәптерлерін толтыруды үйреттім. Өз білімін жетілдіру жоспарын құруға көмек беріп, пән мұғалімдерінің сабақтарына және тәрбие сағаттарына қатысып отыруына қадағалау жасадым. 

   Сабақтың түрлері мен оларды саралау туралы теориялық материалды оқып-үйрену барысында педагогикалық технологиялардың негізін зерттеу жолдарын үйрете отырып, сабақ жоспарын, дидактикалық материалдар  әзірлеуге  үнемі көмек көрсетілді соннымен қатар жас маманды балалармен ынтымақтасып жұмыс істеуге үнемі үйретіп отырдым.

    Екі аптада бір рет өзара сабаққа қатыса отырып, сабақты ұйымдастыруға,  болжау жұмыстарын жасауға және талдауға көмек көрсетіліп отырылды.           

 Сонымен қатар жас маман Тоты Казкеновнаның атқарған тәрбие жұмыстарына да есеп бере кетсем: «Алтын күз», «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» тақырыбында өткізген іс-шаралары жақсы өтті. Әсіресе безендірулері, қолданылған көрнекліктері жоғары деңгейде дайындалған. Тоты әрбір сынып сағаттарына аса жауапкершілікпен дайындалып, ұқыптылықпен өткізеді. Мысалы: суды үнемдеу, экология мәселелері, т.б.

    Тоты Казкеновна мектепте би үйірмесін қосап алып жүр. Үйірмені шеберлікпен атқаруда. І жартыжылдық бойынша өткен мектепішілік үлкен іс-шараларға оқушыларға көптеген билер үйретіп, көрермендердің көңілдерінен шыға білді. Атап айтсам: мектептің 90 жылдығына 6-9 сынып қыздарына үйреткен «Аққу» биі, «Барби», «Санта» билері бастауыш сынып ұл, қыздарына үйреткен.

Новости