ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҮНДЕУІ
Бүгін елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде орын алып жатқан су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі жарияланды.
Бүл үндеуден зардап шеккендер үшін жақсылық нышаны төгіліп тұр. Осы ауыр кезеңде мемлекетіміз тарапынан залалдан туындаған салдарларды азайтып, қиындыққа тап болған жандарға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқаны – аян іс.
Осы тұста құтқарушылардың нағыз батырлар сынды жұмыс істейтінін, өмірімізді сақтап, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аянбай тер төгіп жатқанын көрудеміз.
Біз үшін, біздің жақындарымыз үшін ең бастысы - біздің әл-ауқатымыз екені белгілі. Мемлекет зардап шеккендерге эвакуация, уақытша баспана, медициналық көмек, азық-түлік, дәрі-дәрмек және психологиялық қолдау, т.б. жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетуде.
Сонымен қатар, біз қираған, бүлінген үй-жайлардың, ғимараттардың қалпына келетініне сенімді болуымыз керек. Мемлекет барлық шығынды өтейді, зардап шеккендерге материалдық көмек беріледі. Апаттан кейін қалыпты өмір сүру үшін қажетті жағдайдың бәрін жасайды.
Ең бастысы, мұндай сәтте бір-бірімізге тіреу болып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару маңызды.
Біздің қолдауымызға мұқтаж, су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп, оларға жақын болайық. Бірлігіміз бен рухымыз кез келген қиындықты жеңуге сеп болады.
Біз барлығын бірге жеңеміз!
Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы.
“Заречный ЖББМ” КММ -нің директор м.а Тусупбекова Гулим Дюсеновна
@buharjirau_raioo
@kalamkas3382. #ҚОББТәрбие
#akimatbotakara
@uo_krg
@bahyt_himaldin
@oobukhar_jirau
@umckrg
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҮНДЕУІ