Бейбітшілік -ел тілегі
Іс – шараның мақсаты:
1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
"Бірлік болмай -тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел- мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күніне орай "Бейбітшілік-ел тілегі" атты мерекелік шара өтті. Іс- шара барысында балалар әр ұлт өкілдерінің ұлттық билері мен әндерін тарту етіп, көрермендерге керемет көңіл – күй сыйлады. Театрланған қойылым көрсетті. Әр ұлттың биін билеп, жарқын жүздерінен көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады Балалар мерекеде бар өнерлерін көрсетті, күш жігерлерін салды. Өз өнерлерімен ата-аналарды тәнтті етті.