back-image
Ақжар негізгі орта мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Ақжар негізгі орта мектебі
Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы
20-12-2023 12:59
Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы
Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.
 
????Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.
 
????Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді.
 
⚒️ 210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
 
????️«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды (екі ауысымда).
 
✅ Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті. 
 
????Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілді.
 
????️ 1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
 
✅ Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті.
 
✅ Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.
 
????‍???? 2023 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам грант бөлінді.
 
????‍???? 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсіп, 41 898 теңгеге (педагогикалық ғылымдар – 67 200 теңгеге) жетті, магистранттар мен докторанттар шәкіртақылары 15%-ға өсіп, тиісінше 97 024 және 217 500 теңгеге көтерілді.
 
????‍???? Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көтерілді.
 
????️ Биыл 5,9 мың орынға арналған 25 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 5 мың орындық тағы 19 жатақхана ашу жоспарланып отыр.
 
???? Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жалғасуда.
 
????Толығырақ primeminister.kz сайтында.
 
???? https://t.me/KZgovernment
Новости