back-image
"Жарлы ауылының №10 Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жарлы ауылының №10 Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің жұмысының есебі
20-11-2024 16:17
«Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің  жұмысының есебі

2024-2025 оқу жылындағы « №10 Нүркен Әбдіров атындағы ЖББ мектебі»КММ –ның «Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің  жұмысының есебі:

Ағымдағы оқу  «№10 Нүркен Әбдіров атындағы ЖББ мектебі»КММ –ның әдістемелік жұмысының жылдық жоспарына сай жас мамандар мектебі жұмысы жүргізілді. Жұмысқа басшылық еткен «Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің жетекшісі, еңбек өтілі 11 жыл, екінші санатты музыка пәнінің мұғалімі Кеншилик Биржан.

«Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің  жұмысының мақсаты:Жас мамандардың ұжымға бейімделуі және кәсіби тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Жас мамандар мектебінің жыл басында жоспары бекітіліп, тәлімгерлері тағайындалып, жас мамандарман тәлімгерлің жұмыс жоспарлары жасақталып, бекітіліп, жұмыстар талаптарға сай жүргізілді.

Осы оқу жылында Азанбай Жұлдыз, Мұсағұл Сәнім алдағы кезеңде аттестаттаудан өтуге жұмыстануда.

«Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің жоспарына сай №1 отырысы 11.09.2024ж. өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде  «Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, таныстырылып, жұмыс барысында пайдаланылатын нормативтік құжаттармен таныстырылып, жас маманның перспективалық  жұмыс жоспары (тәлімгерлік жоспары) түсіндіріліп, талаптары талқыланды.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары жас мамандармен жұмыс жоспарының негізгі ерекшеліктерін, түйіткілді мәселелерді атап көрсетіп, «Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің жетекшісі Кеншилик Б. «Нормативтік құжатармен таныстыру» тақырыбында баяндама жасады. Жастарға сөз сөйлеп, мектеп директоры Нұрмағанбет Ж.С. сенім білдіріп, мотивация берді.

«2024-2025 оқу жылындағы атқарылған жұмысқа сараптамалық талдау» мәселесі бойынша 2023-2024 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыс есептерімен

«Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің мүшелері танысып, талдау жұмыстары жүргізіліп, алдағы жұмыстар межеленді.

2024 жылы 26  қыркүйекте Қарқаралы қаласында жас ұстаздар арасында өткен пікірсайыс (дебат) турнирине мектебіміздің жас ұстаздары тәлімгер Большекенова Лаура мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Төлеген Ж. қатысып алғыс хатпен марапатталды.

Тәлімгер Большекенова Л. «Таза мектеп» акциясы және “Жасыл клуб” құрылып бастауыш сыныптар арасында гүлдер суарылды. Қарттар күніне ардагер ұстаздарымызды құттықтап үйлеріне барып ән шашуын арнады. «Отбасы» күніне орай 1-4 сыныптар арасында сурет көрмесі қойылса, «Ұстаздар» мерекесіне орай «Дублер» күнін оқушылармен өткізді. “Есірткіге қарсымыз!” Челленджі ұйымдастырылса, “Даналық ұстаздан” тақырыбында челленджі өткізді.

Садыкова А.М «Қамқоршы күніне» орай, ауылымыздың қамқоршы Көжебаева Шолпан апайды Білім бөлімінен келген алғыс хатын табыстап құттықтап қайтты.

Несіпбай Арайлым оқушының негізігі пәндер бойынша оқу бағдарламасын меңгеру кезіндегі туындаған ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың деңгейін зерттеу.

Таным процесінің даму деңгейін оқушының тұлғалық жеке дамуын зерттеу. Дефектологиялық бақылау хаттамасы толтырылды.

Дефектология сабағына 9 оқушымен түзете-дамыту сабақтары жүргізілді, оның ішінде 2 оқушы үйден оқытылды, қалған оқушылар аптасына екі рет дефектолог сабақтарына қатысты. Сабақтың өткізілу уақыты жеке – 30 минут, топпен 45 минут.

2. Түзету жұмыстарының бағыттары:

1. Жұмыс уақыты циклограммаға сәйкес топпен және жеке сабақ өткізу.

2.Түзете – дамыту жұмыстарына ата-аналармен жұмысты енгізіп, тығыз байланыста болу. • Психомоторлық және сенсорлық процестерді дамыту

* Кеңістікте бағдарлауын қалыптастыру • Танымдық процестерін қалыптастыру • Сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту

* Математикалық түсініктерді қалыптастыру

Оқыту барысында көптеген қиындықтар кезікті: ұсақ моторикасы қалыптаспаған, танымдық процестері дамымаған, кеңістікте – бағдарлауы дұрыс қалыптаспаған, математикалық түсініктері төмен, сөйлеу тілі, сөздік қорлары толық дамымаған.

Қиындықтарды түзету мақсатында жүргізілген әдіс-тәсілдер: • Психологиялық көңіл-күй

* Дидактикалық ойындар • Бояу

* Саусақ жаттығулары

* Жалпы моторикасын дамыту

* Қиындыларды құрастыру, мозайкамен жұмыстану • Пішіндермен жұмыстан

* Графикалық диктанттар

Осындай әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушылардың көрсеткіштері жоғарлағаны байқалады.

Бастауыш сынып мұғалімі жас ұстаз Азанбай Ж. бастауыш сыныптың мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, тәжірибелі ұстаздардан тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабақтарына  қатысып отырады. Сабақтарын көріп өзіне  керек әдіс-тәсілдерін жазып алады. Азанбай Ж  4-сынып жетекшісі. Жас маман ретінде өз тәлімгерімен үнемі қарым- қатынас жасап, бос уақытында тәлімгердің және де тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып отырды. Жыл сайын тойланатын «Алтын күз» мерекесін тойлап өтті.   Жас ұстаз Азанбай Ж. сыныптағы үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп отырады.

«Ізденіс» жас ұстаздар мектебінің жұмысының SWOT-талдауы

 

  • Күшті жақтары
  • Әлсіз  жақтары
  1. Ынта
  2. Танымдық қызығұшылық
  3. Белсенділік
  4. Жетістіктер
  1. ғылыми, жобалық жұмыстар;
  2. олимпиадаға қатысу
  3. сыныптан тыс шаралардың аздығы

 

  • Мүмкіндіктер
  • Қауіп-қатер
  1. Білім жетілдіру
  2. Жаңа технологияларды меңгеру

 

  1. білім сапасы
  2. сабақтардағы оқушылардың төмен тәртібі

 

Талдау негізінде төмендегідей ұсыныстар анықталды, келер жылы басшылыққа алынады:

  1. ғылыми жобаларды қолға алу;
  2. олимпиадаға дайындық жұмыстарын қолға алу;
  3. білім сапасын арттыру бағытында әр тақырып бойынша ұтымды әдістерді таңдау;
  4. сабақтағы оқушылардың тәртібін түзеу бағытында қосымша әдебиеттерді қарау, сабақта түрлі лайфхактар әзірлеу
Новости