back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
ҮЙРЕТЕРІ МОЛ ҮЙІРМЕЛЕР ШАҚЫРАДЫ
05-10-2022 16:17
ҮЙРЕТЕРІ МОЛ ҮЙІРМЕЛЕР ШАҚЫРАДЫ
4 қазан күні М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп қабырғасында үйірмелер мен клубтар, секциялардың жарнама - жәрмеңкесі өтті. Қосымша білім беру педагогтары жарнамалық жәрмеңкеде үйірме жұмысының ерекшелігі туралы айтып, қандай дағдыларды дамытуға көмектесетініне тоқталды.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде 9-дан аса үйірме, секциялар мен клубтар жұмыс істейтін болады. Қосымша білім беру саласының білікті мамандары балаларды «Жеңіс, Жас Сарбаз», дебат, робототехника, бейнелеу өнері, саз балшықтан мүсін жасауға баулиды. Спортпен әуестенетін оқушыларды мектеп спорт залдары шақырады. Жас спортшыларға волейбол, баскетбол, асық ойындары секциялары ұсынылады. Жәрмеңке барысында өз қабілетін шыңдағысы келетін талапты да белсенді балаларды үйірмелер мен секциялар қуана қабылдады.
Новости