back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші Вице-министрі генерал-майор Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлымен арнайы кездесу
11-11-2022 17:05
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші Вице-министрі генерал-майор Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлымен арнайы кездесу
Қарағанды облысы,Нұра ауданындағы Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында кездесулер, сұхбаттар, бірлескен түрлі шаралар ұйымдастырып, жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және кәсіби бағдар беруде.
2022 жылдың 11 қараша күні Нұра ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Нұра ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Т.Ж.Шолтаевтың қолдауымен тағы бір әсерлі кездесу өтті. Бір топ оқушыларымыз делегация болып ел тәуелсіздігің нығайтуға ерен еңбек сіңірген, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші Вице-министрі генерал-майор Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлымен арнайы кездесу ұйымдастырды. Оқушыларымызды генерал-майор жылы шыраймен қарсы алып, мазмұнды әңгімелер айтып, өнеге-тәлімдерін ұсынды. Кездесу барысында ол оқушыларға өзінің балалық шағы және генерал-майор болғанға дейінгі еңбек жолдары туралы айтып берді.
Генерал-майор Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2021 жыл), «ТЖМ құрметті қызметкері», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгілерімен, «ТЖ алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің 10-нан астам мерейтойлық және ведомстволық наградаларымен марапатталған.
Аталған кездесудің негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге үндеу болып табылады. Сонымен қатар, жас ұрапақты отансүйгіштік сезімін қалыптастыру жолында мектепте құрылған «Жас Сарбаз» клубының жұмысына оқушыларды тарту. Генерал майормен кездесудің ғибраты мол болды. Оның жанам деген жүректерге от беретіні сөзсіз.
Новости