back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
29-12-2022 17:20
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Желтоқсан айының 28-29-ы күндері Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектепте бастауыш сыныптар арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты шырша мерекесі өткізілді.
Шырша мерекесінің мақсаты балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру, ертегі кейіпкерлерімен бірлесе көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас орнату. Аталмыш мерекеге балалар асқан қызығушылықпен қатысты. Барлық балалар түрлі ертегі кейіпкерлеріне еніп, Аяз ата, Ақшақармен ән айтты. Сонымен бірге балаларға Аққала, Барыс, Маша мен Аю, мұз Ханшайымы және жаңа жылымыз Қоян қызықты ойындар ойнатып, би билетті. Мереке соңында Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар таратып, жаңа жылда сабақтарын жақсы оқып, үлгілі оқушы болуларына тілек білдірді. Шырша мерекесі балаларға керемет көңіл-күй сыйлады.
Новости