back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Мектебім-мейірім мекені
01-09-2023 15:29
Мектебім-мейірім мекені

1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесінде Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ  мектебінде  салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға еңбек ардагерлері, ата-әжелер, зейнеткер ұстаздар,  ата-аналар және  мектеп түлектері қатысты.
Әнұранмен ашылған алғашқы қоңырау салтанатты шарада мектеп директоры К.Д.Жанкуатова  барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытты жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.

Сонымен бірге, шаттыққа толы қуанышты күнге балдырғандарын жетектеп әкелген ата-аналар атынан Еңбек ардагері, 1-сынып оқушысы Табыс Назираның атасы Есбол Үмбетхан  өзінің мерекелік лебізін жеткізіп,ақ батасын берді.
Мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушылары жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды. Мектеп  табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып оқушыларын  мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық эссе жазу конкурстарының, «Абай оқуларының» жеңімпазы,

11-сынып оқушысы  Өмірзақ Аяулым құттықтап, білім жолына сәттілік тіледі.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, оқушылардың халық өнерінің терең де нәрлі қасиеттерін бойларына сіңіру, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі қоңыраудың орнына мектеп жүйесіне дәстүрлі қоңырау күйге ауыстырылған.

Салтанатты жиын соңында қазақтың күйі орындалып, барша оқушыларды алғашқы «Мектебім-мейірім мекенім» тақырыбындағы алғашқы тәрбие сабақтарына  шақырды.

 

Новости