7 қыркүйек М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектептің 6 сынып оқушыларымен «Парасаттылық» тақырыбында адалдық сабағын өткізді. Мақсаты - оқушылар бойында парасаттылық, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушылар парасаттылық, мейірімділік туралы өз ойларымен бөлісіп, көзқарастарын айтты. Парасатты азаматтың қандай болу керек екенін ұғынып, өз бойларына сондай қасиеттерді жинақтап, болашақта Қазақстан республикасының патриот азаматтары қатарынан көрінеміз деп түйіндеді.Ал тәрбиелік шараның соңы «Жақсылық жасаймыз» акциясымен жалғасты.
«Парасаттылық» тақырыбында адалдық сабағы