«Дене сергіту» челленджі
Бүгін, 8 қыркүйек күні сағат:12.00-де, Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі де Республикалық барлық елді мекендеріндегі жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен ұзақтығы 5 минутты құрайтын 1-4,5-9,10-11 сынып аралықтарында «Дене сергіту» челленджін өткізді.
Мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын насихаттау, шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына келтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің басқаруымен оқушылар кіші, орта және улкен буынға бөлініп, сап бойынша 1-4 сыныптар, 5-9 сыныптар және 10-11 сыныптар музыканың сүйемелдеуімен дене сергіту жаттығуларын жасады. Барлық оқушылар бір адамдай бірлесе бірлесе белсенділік танытып қатысты.
#физкультминутка #сергітусәті #явыбираюспорт #менспорттытаңдаймын