back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Маманға жүз сұрақ» аталған іс-шара
13-09-2023 17:36
Маманға жүз сұрақ» аталған іс-шара

Қазақстан халқы Тілдері күніне орай 13 қыркүйек күні М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінде тіл жанашыры, аудандық Мәдениет үйінің басшысы Құмар Әділбек Құмарұлымен кездесу өтті. Ана тілінің бүгінгі жай-күйі мен ахуалы сөз болған, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Кенжебекқызы ашып-жүргізген «Маманға жүз сұрақ» аталған іс-шараға тіл мамандары мен оқушылар көптеп жиналды. Сұхбат барысында мемлекеттік тілге қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, терең мағыналы ойлар айтылды.  7 «Ә» сынып оқушылары Бәрзу Мирас пен Қуаныш Фатима М.Мақатаев, М.Жұмабаевтың отты жырларын оқып, ерекше сезімге бөлесе, бір топ өнерпаз жастар «Балбырауын» күйі мен  «Алаш рухы» әнін орындап, отансүйгіштік рух сыйлады. Келелі жүздесу «Мемлекеттік тіл – ұлт болашағының кепілі десек, салмақ пен жауапкершілікті тек белгілі бір мүдделік топтарға артып қоймай, әркім ана тілін ардақтауды өзінен бастауға тиіс» деген көңілге қонымды пікірмен аяқталды.

Новости