"Ерікті болу – ерлік!» атты сынып сағат
М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5 "Ә" сыныбының жетекшісі Ж. Е. Балабекова "Ерікті болу – ерлік!» атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты - дүниенің бір бөлігін мейірімге толтыруға ат салысып жүргендердің істеген істері ерлікке пара-пар екендігін өскелең ұрпаққа жеткізу.
Сынып сағаты барысында оқушылар ерікті болу үшін қандай болу керек екенін топта талқылап, өз ойларымен бөлісті.