back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
"Атаның сөзі - ақылдың көзі"
25-09-2023 08:41

Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында мектебімізде "Аталар" мектебінің жұмысы ұйымдастырылып өткізілді.  Іс-шараға арнайы  көш бастап жүрген қариялар құрамымен "Аталар мектебі" тобы құрылып, оның жетекшісі Сүлейменов Еркентай Шынтабаевич  сайланды. Шара барысында қазыналы қарттар арнайы қонақ ретінде шақырылып, оқушыларымызды ұлттық құндылықтарға баулыды. Рухани әңгіме айтылып,  салт-дәстүр насихатталған игі бастамада көңіл толқытқан сауалдарға жауап алып, тәрбие нышанын құруға кеңес те беріліп, 10-сынып оқушыларының тамаша әншашуымен мәресіне жетті. Тағылымы мол шарамыздан фотоестеліктер жолдаймыз

Новости