"Менің балам осындай” тақырыбында ата-аналар жиналысы
15 қыркүйек мектепалды дайындық тобында Э.Ж.Сыздықбаева "Менің балам осындай” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналысқа 17 ата-ана қатысты. Жиналыстың мақсаты- ата-аналармен танысу, балалар жайында мағлұмат алу.
Ата-аналармен танысу мақсатында “Өрмекші” әдісі қолданылды, ата-аналар бір-біріне жіп лақтырып өзін таныстырды.
Сонымен қатар жиналыста “Додекадр" әдісі арқылы ата-аналарға қызықты сұрақтар қойылды.
Жиналыс соңында "Жаңбыр тамшылары" әдісімен балаларының ерекше қасиеттерін тамшыларға жазды.