Мүдделі мемлекеттік құрылымдар, жастар және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Қамқор» облыстық кең ауқымды рейді өткізілді.
Бүгін 29 қыркүйек мүдделі мемлекеттік құрылымдар, жастар және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Қамқор» облыстық кең ауқымды рейді өткізілді. Рейдке Нұра ауданының ТЖБ аға инженері, аға лейтенант Дүйсенбай Қуандық Асылбекұлы, Нұра ауданы білім бөлімінің кәмілетке толмағандарды қорғау жұмысы бойынша әдіскері Байдильдина Н.Р. бірге Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директордың орынбасарлары Елтай Ж.С. мен Пшенбаева Д.Қ. және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Байдильдин Б.Д. қатысты.
Аталмыш жұмыстың мақсаты- өмірлері қиын жағдайларға тап болған қолайсыз отбасыларды анықтау. Балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалмауының алдын алу.