«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
6 қазан Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінің 3-4 сынып оқушылары арасында Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балалаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадағы барлығы 30 оқушы қатысып, төрт оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.