Балалар қауіпсіздігі қазіргі таңда қоғамның ең басты мәселесіне айналып отыр. Адам күнделікті өмірде, яғни үйде, мектепте, көшеде буллингке ұшырауы мүмкін. Осы мақсатта мектебіміздің педагог - психологы А.Ж.Сулейменова бастауыш сынып оқушылары арасында "Буллинг және оның алдын алуы" тақырыбында тренинг - сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар Буллинг дегеніміз не? Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Неліктен адамдар бір - бірін қорлап, қиянат жасайды? Буллингке ұшыраған бала басынан нені кешіреді ? т.б. көптеген өзекті сұрақтарға жауап алып, буллинг түрлерімен танысты. Жағдаяттық сұрақтарға белсенді жауап берді.
"Буллинг және оның алдын алуы" тақырыбында тренинг